Мемлекеттік қызмет

Жұмыс кестесi: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мерекелiк күндерден басқа күндерi, дүйсенбiден жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30-ге дейiн,түскi үзiлiс сағат 13-00-ден 14-30-ге дейiн.

Жауапты тұлға: экономика секторының меңгерушiсi Змеева Татьяна Владимировна тел: 8 (71544) 2-21-41.​​​​​​​

Телефоны: 8 (71544) 2-15-41.


 

2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕСЕБІ (DOCX 72 Kb)

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ЕСЕБІ (DOCX 74 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің 2022 жылғы есебін жария талқылауды өткізу нәтижесі туралы қорытынды (DOCX 15 Kb)

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы (DOCX 31 Kb)

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы (ZIP 65 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің 2021 жылғы есебін жария талқылауды өткізу нәтижесі туралы қорытынды (ZIP 31 Kb)

2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің есебі (ZIP 11 Kb)

Жамбыл ауданы бойынша 2021 жылға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ақпарат

2021 жылы «Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 16627 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы төлендi немесе нақтыланған жоспардың 100%. Барлығы 57 адам көтерме жәрдемақы алды, оның iшiнде: бiлiм беру мамандары 37 адам, денсаулық сақтау 6 адам, Мәдениет 4 адам, әлеуметтiк қорғау 7 адам, спорт 1 адам, ветеринария 1 адам.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредиттердi 66954,7 мың теңге сомасына 16 маман алды, бұл нақтыланған жоспарға 100%-ды құрайды, оның iшiнде: бiлiм беру мамандары 6 адам, денсаулық сақтау 6 адам, мәдениет 2 адам, спорт 1 адам, агроөнеркәсiптiк кешен 1 адам.

Экономика және қаржы
бөлiмiнiң басшысы Б.Молдағалиев

2021 жылғы 1 желтоқсанға Жамбыл ауданы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасын iске асыру туралы ақпарат

Көтерме жәрдемақы

2021 жылдың 11 айында 42 маманға 12251,4 мың теңге немесе нақтыланған жоспардың 100% (бiр адамға 291700 теңге есебiнен) төлендi, оның iшiнде бiлiм беру саласы бойынша: 23 адам, денсаулық сақтау 6 адам, мәдениет 4 адам, әлеуметтiк қорғау 6 адам, спорт 1 адам, агроөнеркәсiптiк кешен — 2 адам.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредиттер

11 ай iшiнде тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредиттердi 66954,7 мың теңге сомасына 16 маман немесе нақтыланған жоспардың 100% алды, оның iшiнде: бiлiм беру салалары бойынша — 3 адам, денсаулық сақтау 5 адам, спорт 1 адам, мәдениет 2 адам.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің 2020 жылғы есебін жария талқылауды өткізу нәтижесі туралы қорытынды (ZIP 29 Kb)

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің есебі (ZIP 31 Kb)

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының ережелерді түсіндіру мақсатында өткізілетін іс-шаралар бойынша ақпарат

2009 жылдан бастап ауылдық жерге кәсіби кадрларды тартуға бағытталған, 100 АЕК ( 2021 жылы 291700 теңге) сомасында көтерме жәрдемақы төлеуді, сондай-ақ 1500 АЕК (2021 жылы 4375500 теңге) аспайтын мөлшерде тұрғын үй сатып алуға не салуға бюджеттік кредит беруді көздейтін «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді)

2021 жылға қаржыландыру жоспарына сәйкес 35 көтерме жәрдемақы төлеуге 10210 мың теңге және 14 бюджеттік кредит беруге 61257 мың теңге бөлінді.

Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімімен жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылдың 18 наурызында Ашық есік күні өткізіліп, 5 адам түсініктеме алды.

2021 жылғы 23 наурызда Facebook әлеуметтік желісінде «Дипломмен ауылға бағдарлама» ақпараттық посты жарияланды, осыған ұқсас материал 2021 жылғы 16 сәуірде аудандық газеттерге орналастырылды.

2021 жылғы 21 сәуірде экономика секторының меңгерушісі Т.Змеевамен Facebook платформасында бағдарламаның негізгі ережелері бойынша брифинг өткізді.

Екінші жартыжылдықта Ашық есік күнін, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дөңгелек үстелдерді қайта өткізу жоспарланған.

22.01.2021 ж.

«2021 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсету туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының шешiм жобасына баспасөз хабарламасы

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiн дәлелдеу Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» болып келедi.

2021 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне көрсетiлсiн:

  1. жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
  2. тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау — бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.

Нормативтiк құқықтық актi жобасын қабылдау өзiне жағымсыз әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды тартпайды.

Шешiм жобасы НҚА ашу бөлiмшесiндегi «Электрондық Үкiмет» порталына орналастырылған.

Басшы Б.С. Молдағалиев

«2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының шешім жобасына баспасөз хабарламасы

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігін дәлелдеу Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» болып келеді.

2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау — бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

Нормативтік құқықтық акті жобасын қабылдау өзіне жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды тартпайды.

Шешім жобасы НҚА ашу бөлімшесіндегі «Электрондық Үкімет» порталына орналастырылған.

Басшы Б.С. Молдағалиев

Мұрағат (ZIP 7236 Kb)

Мақаланы құрған күні 28.02.2018 12:45

Мақаланы жаңартқан күні 12.03.2024 10:15

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz