2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 9-бабы 2-тармағына, 75-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТI:

1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетi көрсетiлген шешiмге тиiсiнше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер — 6 042 018 мың теңге:

салықтық түсiмдер — 444 518 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер — 7 780 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 8 600 мың теңге;

трансферттер түсiмi — 5 581 120 мың теңге;

2) шығындар — 6 042 018 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу — 45 136 мың теңге:

бюджеттiк кредиттер — 68 917 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу — 23 781 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 теңге:

қаржы активтерiн сатып алу — 0 теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) – — 45 136 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 45 136 мың теңге:

қарыздар түсiмi — 68 917 мың теңге;

қарыздарды өтеу — 23 781 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 теңге.

2. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттiң кiрiстерi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiне сәйкес келесi салықтық түсiмдер есебiнен құрастырылады деп белгiленсiн:

облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салыққа;

ауылдық округтiң аумағындағы осы салықты салу объектiлерi бойынша жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсiпкерлердiң мүлкiне салынатын салыққа;

бiрыңғай жер салығына;

бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздерге;

жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыға;

коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алымына;

көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алымына;

республикалық бюджет есебiне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк бажға.

3. Аудандық бюджет кiрiстерi келесi салықтық емес түсiмдер есебiнен құрастырылады деп белгiленсiн:

коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстерден:

аудан әкiмдiгiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнiң түсiмдерiнен;

ауданның коммуналдық меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтерден;

ауданның коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстерден;

ауылдық округ әкiмдерiнiң басқаруындағы, ауданның коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстердi қоспағанда, ауданның коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстерден;

аудандық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылардан;

ауданның коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстерден;

аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдерден;

аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерiнен;

аудандық бюджетке түсетiн басқа да салықтық емес түсiмдер.

4. Аудандық бюджеттiң кiрiстерi негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер есебiнен құрастырылады деп белгiленсiн:

аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

жер учаскелерiн жалға беру құқығын сатқаны үшiн төлемақылар.

5. Аудандық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, ауданның жергiлiктi атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетiн түсiмдер аудандық бюджеттiң есебiне жатқызылады.

6. Аудандық бюджеттен 2022 жылға арналған ауылдық округ бюджеттерiне берiлетiн бюджеттiк субвенциялар 466 665 мың теңге сомасында белгiленсiн:

Архангелка ауылдық округiне — 38 366 мың теңге;

Благовещенка ауылдық округiне — 51 439 мың теңге;

Жамбыл ауылдық округiне — 28 243 мың теңге;

Казанка ауылдық округiне — 41 097 мың теңге;

Қайранкөл ауылдық округiне — 40 678 мың теңге;

Кладбинка ауылдық округiне — 37 695 мың теңге;

Майбалық ауылдық округiне — 33 658 мың теңге;

Мирный ауылдық округiне — 21 029 мың теңге;

Озерный ауылдық округiне — 22 652 мың теңге;

Первомай ауылдық округiне — 24 701 мың теңге;

Преснов ауылдық округiне — 82 639 мың теңге;

Пресноредут ауылдық округiне — 23 581 мың теңге;

Троицкий ауылдық округiне — 20 887 мың теңге.

7. 2022 жылға арналған ауданның жергiлiктi атқарушы органының қоры 9 217 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.

8. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерiлсiн.

Республикалық бюджеттен көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулысымен айқындалады.

9. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте «Ауыл — Ел бесiгi» жобасы шеңберiнде ауылдық елдi мекендердегi әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды дамытуға нысаналы трансферттердiң түсiмдерi ескерiлсiн.

Көрсетiлген нысаналы трансферттердi бөлу Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулысымен айқындалады.

10. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне әлеуметтiк қолдау шараларын жүзеге асыру үшiн республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредиттер 68 917 мың теңге сомасында ескерiлсiн.

11. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерiлсiн.

Облыстық бюджеттен көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулысымен айқындалады.

12. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттерiне нысаналы трансферттер қарастырылсын.

Көрсетiлген нысаналы трансферттердi бөлу Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл аудан әкiмдiгiнiң 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулысымен айқындалады.

13. Бюджет қаражаты есебiнен ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк ұйымдардағы денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек қарастырылсын.

14. Осы шешiм 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қосымша (ZIP 89 Kb)

17.01.2022
Қаралым саны: 955
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz