«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз-хабарламасы

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9 және 75-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты — мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттерін іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлерін негізге ала отырып есептелді, 2020-2021 жылдардағы салықтардың есептелген және төленген сомалары, 2022 жылғы бағалау ескерілді.

2023 жылға арналған аудандық бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көлемі 872 810 мың теңге, 2024 жылға 1 028 406 мың теңге, 2025 жылға – 1 164 007 мың теңге сомасында айқындалды.

2023 жылға республикалық бюджеттен 1 564 730 мың теңге, 2024 жылға – 1 874 277 мың теңге, 2025 жылға – 1 861 038 мың теңге сомасында субвенция түсімі жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органның резерві 17 456 мың теңге көлемінде көзделген.

2023 жылға арналған аудандық бюджетті қаржыландырудың жалпы көлемі — 3 387 060 мың теңге, 2024 жылы – 2 902 683 мың теңге, 2025 жылы — 3 025 045 мың теңге. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған. 

Бөлім басшысы Б.Молдағалиев

23.12.2022
Қаралым саны: 316
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz