«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/1 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешiм жобасына баспасөз-хабарламасы

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодекстiң 106, 109 бабтарына және 111 бабтың 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.

Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Аудандық бюджетті нақтылау көздері болып: бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған бөлуді қайта бөлу, облыстық бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер, облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қысқарту, қайта ұйымдастыруға байланысты жоспарланған бөлулерді қайта бөлу жатады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Басшының м.а. Ғ. Қоржынқұлова

15.04.2024
Қаралым саны: 15
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz