Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 10/1 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетiн бекiту туралы» шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихатының шешiм жобасына баспасөз-хабарламасы

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодекстiң 104,106, 109 бабтарына және 111 бабтың 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.

Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Аудандық бюджеттi нақтылау көздерi: бюджет қаражатының бос қалдықтары, нысаналы трансферттердiң пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2021 жылы пайдалану (толық пайдалану), бюджеттiк бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу, бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту болып табылады.

Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешiм жобасы «Электрондық үкiмет» порталында ашық НҚА бөлiмiнде орналастырылған.

Басшы Б. Молдағалиев

16.02.2022
Қаралым саны: 983
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz