Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 10/1 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәслихатының шешiм жобасына баспасөз-хабарламасы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 10/1 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәслихатының шешiм жобасына баспасөз-хабарламасы 

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодекстiң 106, 109 бабтарына және 111 бабтың 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.

Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Аудандық бюджетті нақтылау көздері: бюджеттің кіріс бөлігін түзету, бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу, республикалық, облыстық бюджеттерден қосымша нысаналы трансферттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттер, республикалық, облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттерді азайту, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілген бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын ұлғайту болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған. 

Басшы Б. Молдағалиев

 

15.11.2022
Қаралым саны: 339
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz