Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодекстiң 104,106, 109 бабтарына және 111 бабтың 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.
Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.
Аудандық бюджеттi нақтылау көздерi: 2021 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражатының бос қалдықтары, бюджеттiк бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу, бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту болып табылады, облыстық бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер,
Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешiм жобасы «Электрондық үкiмет» порталында ашық НҚА бөлiмiнде орналастырылған.
Басшы Б. Молдағалиев
Қаралым саны: 965