«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/1 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешiм жобасына баспасөз-хабарламасы

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодекстiң 104,106, 109 бабтарына және 111 бабтың 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.

Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Аудандық бюджетті нақтылау көздері: 2023 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражатының бос қалдықтары, бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Басшы Б. Молдағалиев

23.02.2024
Қаралым саны: 28
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz