Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/1 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 913 667,3 мың теңге:

  • салықтық түсімдер – 1 025 978 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 18 125 мың теңге;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16 500 мың теңге;
  • трансферттер түсімі – 3 853 064,3 мың теңге;

2) шығындар – 4 941 793,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 96 313 мың теңге:

  • бюджеттік кредиттер – 129 220 мың теңге;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу – 32 907 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

  • қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 124 439,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 124 439,5 мың теңге:

  • қарыздар түсімі – 129 220 мың теңге;
  • қарыздарды өтеу – 32 907,4 мың теңге;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 28 126,9 мың теңге.».

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. 2024 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2023 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерін қайтару, сондай-ақ осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген сомаларды қайтару есебінен аудандық бюджеттің шығыстары көзделсін.»;

мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:

«9-2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің залалын өтеуге арналған шығындар 573 617 мың теңге сомада қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы
Л. Топорова

Қосымша 1 (DOCX 44 Kb)

Қосымша 2 (DOCX 26 Kb)

 

23.02.2024
Қаралым саны: 31
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz